Жаңалықтар

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Биыл желтоқсанда бұрнағы жылдармен салыстырғанда, мереке күндері азайды, деп хабарлайды Taulik.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Сонымен 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Биылдан бастап бұл күн – жұмыс күні. Тәуелсіздік күні биыл тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Сонымен желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында: - бес күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі); - алты күн жұмыс істейтіндер – 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі) демалады. Жалпы желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар. Биылғы жаңа жыл сенбі (31 желтоқсан) және жексенбі (1 қаңтар) күндеріне сәйкес келеді. Екі күн де ​​қазақстандықтар жұмыс істемейді.