Украина қорғаныс министрлігі: Қазақстан Ресейге көмектесіп отыр
Украина қорғаныс министрлігі: Қазақстан Ресейге көмектесіп отыр
Қазақстан мен Өзбекстан Ресейге көмектесіп отыр. Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрлігіне қарасты Барлау қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Taulik.kz Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.
Агенттік өкілі Вадим Скибицкийдің айтуынша майдан даласында мыңдаған сарбазынан айырылып, әскери техникасы таусылуға шақ тұрған Ресей өзі секілді автократ елдерден алақан жайып, көмек сұрауда.
Заманауи қару-жараққа мұхтаж Кремль бұған дейін Иранның алдына барған, кейіннен Солтүстік Корея мен Қытайдың есігін қаққан.
Ал Қазақстан мен Өзбекстан билігі астамшыл, агрессор елге Батыс санкцияларын айналып өтуге жәрдемдесіп жатқан жайы бар.
Сөй деген Скибицкий құдай сүйер қылығы жоқ Кремль көсемімен ауыз жаласқан елдерді санкциямен жазалауды сұрауда.
«Мәскеуге Ираннан алдыратын отты қару аздық етіп отыр. Олар Қытай мен Солтүстік Кореяның аяғына жығылып, майдан даласында жалаң қолмен ұрысып, жалаңбұт жүрген әскеріне қол ұшын созуды сұрап отыр. Дәл осы өтінішпен қырғыз билігіне шығып, Жапаровты қолқалаған. Мәскеу Бішкектен «Смерч» мен «Ураган» секілді зымыран кешендеріне қажетті оқ-дәрі сұраған», – деді Скибицкий La Repubblica басылымына берген сұхбатында.Украин барлаушысы Қазақстан мен Өзбекстанның Батыстың көзін ала беріп, Ресейге жәрдемдесіп отырғанын айтады.
«Астана мен Ташкент санкция салдарынан жоғары технологияға зәру боп қалған Ресейге өндірістік мақсаттағы, алайда қару-жарақ жасауға да жарай беретін компоненттерді саудалап отыр. Бұлардың басым бөлігі аталған елдерге Америка мен Жапониядан келеді. Мәскеу азаматтық, тұрмыстық мақсаттағы компонеттерді қажетіне жаратып, ракета жасауға пайдалануда», – дейді Скибицкий.Украин барлаушы Мәскеудің заманауи қару-жарақ жасайтын потенциалы жоқ деп пайымдайды, осы себепті өзге елдерден жәрдем сұрауға мәжбүр.
Taulik.kz