Жаңалықтар

60 мың теңгелік жаңа купюра: Ұлттық банк түсініктеме берді

60 мың теңгелік жаңа купюра: Ұлттық банк түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде 60 мың теңгелік купюра шыққаны туралы видео тарады. ҚР Ұлттық банкі осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Жаңа купюраның видеосы желіні бірнеше айдан бері шулатып жүр. Ұлттық банк баспасөз қызметі өкілдері 60 000 теңгелік жаңа банкнотқа байланысты түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желіде таралған номиналы 60 000 теңгелік жаңа банкноттың шығарылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жаңа номиналдың шығарылуы ел экономикасының объектив қажеттіліктерімен байланысты болуы керек. Қазір мұндай қажеттілік жоқ. Сондықтан жаңа жоғары номинал шығару жоспарда жоқ.

Қазір мерейтойлық, естелік банкноттар мен монеталардың жоғары номиналы - 20 000 теңге", - делінген хабарламада.

Taulik.kz