Қазақстанда 3 партияны қаржыландыруға жыл сайын 8 млрд теңге бөлінеді
Қазақстанда 3 партияны қаржыландыруға жыл сайын 8 млрд теңге бөлінеді
"Аманат", "Ақ жол" және "Қазақстан халық партиясына" жыл сайын бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қазақстанда мәжілістегі үш партияны қаржыландыруға республикалық бюджеттен жыл сайын 8 млрд теңге (17 қараша күнгі бағам бойынша 17,4 млн доллар) қаражат бөлінеді. Бұл жөнінде қаржы министрі - премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Министр басқарушы "Аманат" партиясына 1 млрд доллар бөлінеді деген ақпаратты терістеді.
"Заңмен қабылданған белгілі бір есептеу жүйесі бар. Соған қарап қаражат бөлінеді. Жалпы алғанда үш партияға [жылына] шамамен 8 млрд теңге бөлінеді" деді Ерұлан Жамаубаев жергілікті БАҚ-қа.
Taulik.kz