Жаңалықтар

НАТО Польшадағы оқиғаға қатысты шешім қабылдады

НАТО Польшадағы оқиғаға қатысты шешім қабылдады

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Польшадағы екі адамның өмірін жалмаған РФ ракетасына қатысты қабылданған шешімді жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Ол Солтүстік альянс елдері өкілдерінің арнайы отырысынан кейін болған брифингте жария етілді. Столтенберг ракетаның шығу тегі туралы айта келіп, альянстың ендігі іс-әрекеті қандай болатынын түсіндірді.
Польша территориясына келіп түсіп жарылған снаряд Украина Әуе қорғанысы күштерінікі. Алайда бұл төтенше жағдайға байланысты айып Украинаға емес, осы зұлым соғысты бастап берген Ресейге тағылады, – деді  саясаткер.
Екінші жағынан, осы снарядты бағыттаған Ресейді Польша тарапына қасақана түсірді деп есептеу қиын. Олай болса, Ресейдің әрекетін НАТО елінің территориясына жасалған шабуыл ретінде де қабылдауға болмайды. Болашақта мұндай «инциденттерге» жол бермеу үшін НАТО Польша аспаны үстіне бірнеше қосымша Әуе қорғанысы қаруы жүйелерін қоятын болады.