5 адамды өлімнен құтқарған өрт сөндірушінің жағдайы өте ауыр
5 адамды өлімнен құтқарған өрт сөндірушінің жағдайы өте ауыр
Астанада Алапат өрттен тұрғындарды құтқарған өрт сөндірушінің жағдай қиын
Елордада 15 қабатты үйде алапат өрт болды. Құтқарушылар жалынға қарамастан, өздерінің өмірін ойламастан, бес бірдей адамды құтқарып қалды. Солардың ішінде өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жағдай өте ауыр, деп хабарлайды Taulik.kz.
Асқар арқанмен өзгелерді құтқару үшін 12-қабаттан 11-қабатқа түскен. Себебі терезе арқылы ішке енбек болған. Ішке кірген құтқарушы 80 және 22 жастағы қарт ана мен немересін өрттен аман алып қалды. Көрші бөлмеге өтіп, 10 жасар кішкентай баланы да құтқарып қалған, бірақ қатты жалын, түтіннен шығатын жолды таба алмай, балконға тығылған.
Асқар бірнеше адамның өмірін аман алып қалғанымен, денесінің 80% от күйік шалған. Дәл қазір ол ИВЛ аппаратына қосылған.
Taulik.kz