Жаңалықтар

Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Ембімұнайгаз» мұнай-газ компаниясының тәуелсіз директоры болып сайланды, деп хабарлайды Taulik.kz. Көшербаев Қазақ политехникалық институтын (1978), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1991) бітірген. Инженер-құрылысшы, саясаттанушы. Еңбек жолын «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы болып бастады (1978-1979). Одан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі (1991-1994), ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жетекшісі (1996-1997), Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі (1997-1999), Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі (1999), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі (1999-2000), Батыс Қазақстан облысының әкімі (2000-2003), ҚР Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Президентінің кеңесшісі (2012), Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары (2012-2013), Қызылорда облысының әкімі (2013-2019); Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысы (2019),  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы  (2019-2022) қызметтерінде болды.

Taulik.kz