Жаңалықтар

McDonald's еліміздің барлық аймақтарында жұмысын тоқтатады

McDonald's еліміздің барлық аймақтарында жұмысын тоқтатады

McDonald's еліміздің барлық аймақтарындағы мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Taulik.kz.
"Қазақстандағы McDonald's жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 2022 жылғы 18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады", - делінген ақпаратта.
Мәлімет бойынша Food Solutions KZ ЖШС компаниясы Қазақстанда 6 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатыр.
"Қазақстанның Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды қалаларында компанияның 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Food Solutions KZ ЖШС ашылған уақыттан бері 3 млрд теңгеден астам салық ұлттық қаржыға төленді және қоғамға көмек көрсетуге белсенді қатысады. Соңғы алты жылда компания қайырымдылыққа 80 млн теңге аударды", - делінген.

Taulik.kz