Taulik.kz логотипі

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

17 қараша, 2022 / taulik
Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
ашық дереккөзі
Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«2022 жылы 17 қарашада сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуды санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.
21 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды.