Жаңалықтар

Талдықорғандағы Назарбаев көшесін Тәуелсіздік деп атауға дайынбыз – әкім

Талдықорғандағы Назарбаев көшесін Тәуелсіздік деп атауға дайынбыз – әкім

Жетісу билігі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы көшенің атын өзгертуге және оның ескерткішінен бас тартып, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнатуға дайын, деп хабарлайды Taulik.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап.
«Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнату мәселесі үшінші жыл шешімін таппай келеді, неге шешілмейді?» – деп сауал қойды Талдықорған қаласының тұрғыны облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесуде.
Аймақ басшысы ақын ескерткішінің құны қазірдің өзінде 300 млн теңгеге дейін бекітілгенін айтты.
«Ақшаның бір бөлігі алдын ала төленді. Бабамыздың ескерткіші Алматыдағы шеберханада құйылып жатыр. Оның биіктігі тұғырды есепке алғанда 9 метрге жетеді. Бұл үлкен ескерткіш болады. Екі-үш айдың ішінде дайын болады. Ендігі мәселе – бұл ескерткішті Жетісу өңірінің қай жерінде орнату керек? Менің ойымша, оны қаланың орталығына орнату керек», – деді Исабаев.
Одан кейін жиынға қатысқан тағы бір тұрғын ұсыныс айтты.
«Сізге, облыс басшысына айтар болсам, орталықта Абай көшесіне жастар Абай әндерін шырқайтын ескерткіш орнату туралы ұсыныс бар. Ал екіншісі – Назарбаев көшесінің бұрынғы атауы – Тәуелсіздікке қайтарылуы – көпшіліктің тілегі», – дейді қала тұрғыны.
Қажет болса, жұртшылық қажетті қолды жинауға дайын екенін қосты.
«Егер бұл Жетісу өңірі тұрғындарының көпшілігінің пікірі болса, әрине, біз оны тыңдаймыз», – деді Исабаев.