Жаңалықтар

Өгей анасы тамақ бермейді: 5 жасар баланың салмағы небәрі 10 келі (ФОТО)

Өгей анасы тамақ бермейді: 5 жасар баланың салмағы небәрі 10 келі (ФОТО)

5 жасар баланың салмағы небәрі 10 келі, деп хабарлайды Taulik.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.    Көкшетау полициясына 2017 жылғы баланың туысы арыз жазып, әкесі мен өгей шешесі балаға дұрыс тамақ бермей, ара-тұра байлап қоятынын хабарлаған.
 "Тексеру барысында 37 жастағы Көкшетау тұрғынының бірінші некесінен кәмелетке толмаған 3 баласы және екінші некесінен кәмелетке толмаған 4 баласы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ол екінші әйелімен тұрады", - деді полицияда.
 Учаскелік полиция инспекторы мен жауапты мекеме өкілдері осы үйге барып, баланың әлсіреп кеткен күйін көрген. Бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.  Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр.  width=  

Taulik.kz