Жаңалықтар

Әлемдік рейтинг: Қазақстан алтын қоры бойынша нешінші орында?

Әлемдік рейтинг: Қазақстан алтын қоры бойынша нешінші орында?

Қазақстандағы алтын көлемі 2022 жылдың 1 қарашасында қазан айына қарағанда 6,7 тоннаға артқан. Бұл туралы Дүниежүзілік алтын кеңесі мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz LS сайтына сілтеме жасап. Алтын қоры бойынша әлемдік рейтингіде Қазақстан 15-орынға тұрақтады. Бұл Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банк есебінсіз алғандағы көрсеткіш. Дүниежүзі бойынша АҚШ (8,1 мың тонна), Германия (3,3 мың тонна), Италия (2,45 мың тонна), Франция (2,43 мың тонна), Ресей (2,2 мың тонна) елдерінде ең көп алтын қоры бар. Айта кетейік, ұлттық банк сайтында 1 грамм қымбат металл құны 26 335 теңге деп бағаланған.