Ақмолада мектепте жарылыс боп, 3 адам зардап шекті
Ақмолада мектепте жарылыс боп, 3 адам зардап шекті
Ақмола облысында мектеп қазандығында жарылыс болып, салдарынан үш адам зардап шекті.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиға 18 қарашада сағат 12:18-де Аршалы ауылы, Писарев көшесі, 18 үйде болған.
"Тәшенов атындағы орта мектеп аумағында, жеке қазандықта қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту қазандығы жарылып, ғимарат құрылымы бұзылған", - деді Руслан Иманқұлов.Үш адам ауруханаға жатқызылды: 1983 жылы туған үй-жай басқарушысы, 1990 жылы туған электрик және 1967 жылы туған от жағушы.
"Зардап шеккендердің бәрі есін біледі, жағдайы нақтыланып жатыр", - деп толықтырды Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі.
Taulik.kz