Жүкті әйелін ұрып, буындырған полиция қызметкері жазадан құтыла ма?
Жүкті әйелін ұрып, буындырған полиция қызметкері жазадан құтыла ма?
«НеМолчиKZ» қорының басшысы Дина Таңсәрі мемлекет басшысы Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қоғамдық қор басшысының жазбасына сүйенсек, 4 қарашада қызылордалық полицей жүкті әйелін ұрып, буындырған.
Күйеуім мені мүгедек қылды. Бір аяғым мүлдем баспайды, омыртқам зақымданды. Оның үстінен «Суицидке итермелеу» деген бапқа сай іс қозғаған. Бірақ бұл суицидке түрткі болатын жағдай емес. Ол мені өлтіргісі келді. Кілттердің бәрін алып кеткендіктен үйден шыға алмадым. Амал жоқ, терезеден секірдім, – дейді зардап шеккен әйел видеода.Жәбірленушінің айтуынша, күйеуі зейнетке шыққан полиция полковнигінің баласы.
Күйеуі әйелін мүгедек қылып, дым болмағандай іссапарға кетті. Біз полицияда зорлықшылар, абьюзерлер жұмыс істемесе екен дейміз. Осы отбасын қолдауды өтінеміз. Олар – Шиелі аулынан шыққан, ақшасы мен байланыстары жоқ адамдар, – дейді Дина Таңсәрі.Ал қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабына («Суицидке түрткі болу») сай соталды тергеу мен қызметтегі тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Taulik.kz