«Құдай емеспіз ғой»: Назарбаев Мәсімовке қатысты пікір білдірді
«Құдай емеспіз ғой»: Назарбаев Мәсімовке қатысты пікір білдірді
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайдыTaulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрағына жауап берді. Журналист Мәсімовке қатысты іс қозғалғанын айтып, оның артында кім тұруы мүмкін екенін сұрады.
«Бұл мені де қызықтырады. Мен де сот тергеуінің аяқталуын күтіп жүрмін. Не себеп болғаны, артында кім тұрғанын айту қиын. Мәсімов көп жыл менімен жұмыс істеді. Бірақ қайдан білесің? Иса Мәсіх жанында отырған Яһуди туралы білді ме? Біз құдай емеспіз ғой. Сондықтан соттың аяқталғанын күтеміз, сол арқылы шындықты білеміз деп ойлаймын», - деді Назарбаев.