Жаңалықтар

«Ер ісімі – ел есінде»: қаза тапқан өрт сөндіруші туралы видео жарияланды (ВИДЕО)

«Ер ісімі – ел есінде»: қаза тапқан өрт сөндіруші туралы видео жарияланды (ВИДЕО)

Төтенше жағдайлар министрлігі Астанада тұрғын үй өртінен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинді еске алуға арналған әсерлі видео жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz. Кадрдан Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдегі адамдарды құтқарып жатқан Асқардың ерлікке толы әрекетін, сондай-ақ оның жұмыстағы, спорттағы жетістікке толы сәттерін көруге болады.
«Ер ісімі – ел есінде», деп жазылған видеоның астында.
Желі қолданушылары өрт сөндірушінің отбасына қайғыра көңіл айтып жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=pHE6ehC5I_Q