«Қыздарды Леслидің аяғына жығып бере салады»: Алматыда өткен концерт сынға ілікті (ВИДЕО)
«Қыздарды Леслидің аяғына жығып бере салады»: Алматыда өткен концерт сынға ілікті (ВИДЕО)
Галия Шаудырбаева атты Facebook қолданушысы желідегі парақшасында Алматыда өткен концертті (байқауды) сынға алған жазба жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Жалпы ұлттық құндылықтарды жоюға ұмтылыс осындай болады! Мына байқауды, концертті кім ұйымдастырған екен? Ұйымдастырғанда да, қай жағымен ойланған? Сәл еңкейсе, омырауы ақтарылайын деп тұрған желікбастардың ар жағына қазақ қыздарын «мың бұралтып» қойғаны қалай? Осындай концерт, іс-шаралар сценарийі, меніңше, алдын-ала әкімдікке өткізіледі. Сонда ол тек галочка үшін бе? Лободаның артына қойып қыздарды, Леслидің аяғына жығып бере салатын ұйымдастырушылар, бүйткен креатив шоуларыңызға түкірдім де, қол қойдым! «Әлем аруы» халықаралық байқауында ән шырқаған Димаш Құдайбергеннің артына ешкім жалаңаш қызын қойған жоқ! Сондай әсерлі шыққан еді!» - деп жазды ол.