Жаңалықтар

Балабақшада балаларға дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан қуылды

Балабақшада балаларға дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан қуылды

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларға дөрекілік танытқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Taulik.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап. Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева мектепке дейінгі мекеме қызметкерінің бүлдіршінге дөрекі қарым-қатынасы түсірілген видеодан кейін "Мәншүк" балабақшасындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын айтты.
"Тексеру қорытындысы бойынша аталған балабақшаның тәрбиешісі Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына "Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздеріне" сәйкес жұмыстан босатылды. Балабақшаның директорына сөгіс жарияланды", - деді Бағдат Тұрғанбаева.

Taulik.kz