Халықтан қарызға ақша алып, қайтармайтын әкімнің «қырық» жаны бар ма?
Халықтан қарызға ақша алып, қайтармайтын әкімнің «қырық» жаны бар ма?
Бірнеше жыл қатарынан Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданы әкімі туралы журналист Асхат Ниязов бірнеше материал жариялады. Бір қызығы, әлі де жалғастырып келеді. Күні кеше ол өзінің жеке парақшасында аудан әкімі Ғабдулла Ахметжановты сот кінәлі деп танып, 37,5 млн теңге айыппұл салған. Тек журналист Асхат «халықтан қарызға ақша алып, қайтара алмай жүрген әкім бұл айыппұлды қалай төлейді?» деп алаңдап отыр. Біз де...
Журналистің жазуынша, халықтан қарызға ақша алып, оны қайтармайтын әкімді табу, хабарласу мүмкін болмаған. Әр кез іздеп барғанда, хабарласқанда жер сипап қала беретінін айтады. Қарыз қайтармайтын әкімді жұмыстан шығарудың орнына, оны тағы да жоғары қызметке тағайындаған.
Сот шешімі бойынша әкім қамалмайды, тек айыппұл төлейді.
«Әкімге үкіметтің шамасы келмей ме? Оған ешқандай қызмет ұсынып, қарызға ақша бермеңіздер», – деп жазды журналист өз парақшасында.Ғабдулла Ахметжанов 2020 жылы қарыз алғаны және оны қайтармағаны туралы:
«Біз адам емеспіз бе? Осыдан қайдағы бір сенсация жасайсың ба?», – деп реніш білдірген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram