Жаңалықтар

Ресейлік офицер Бучада зорлық болғанын айтты (ВИДЕО)

Ресейлік офицер Бучада зорлық болғанын айтты (ВИДЕО)

Ресейлік офицер Украинаның Буча қаласында оккупанттардың тұрғындарға зорлық-зомбылық көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz The Insider басылымына сілтеме жасап.
«Мародерлік фактілердің көптеп болғанын білемін. Липовка мен Андреевкада әскерилердің машинаны қалай алып кеткенін көрдім. Істен шыққан машиналарды қалай сындырғанын, үйлерді қалай қиратқанын көрдім. Бұл әрекетті бізде күш бар, танктер бар, БМП бар, қару бар деп есіріп жасаған болар», – дейді 64-мотоатқыштар бригадасының әскери қызметкері Никита Чибрин.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Ресей солдаттары тарапынан Андреевкада әйелдерді зорлау фактілері болғаны рас болып шықты.
«Андреевкада анасы мен қызын қатар зорлау оқиғасы болды. Мұны төрт жігіт істеді. Біреуі қашып кетті. Қалған үшеуін қаруластары орындықпен ұрып-соқты. Жалпы оларды атып тастамақшы болғанбыз. Алайда оларға ондай айып таға алмайтын едік. Себебі бұған нақты дәлел болмады. Сондықтан оларды әскер қатарынан шығарумен шектелді», – дейді ол.
https://www.youtube.com/watch?v=sdkwoiWuD0w