Жылыой ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы суицид жасады

22 қараша, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Жылыой ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы суицид жасады
Атырау облысыны Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон ауылында 19 қараша күні 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады. Үйінде ол жалғыз болған. Ата-анасы шаруалармен шығып кеткен. Ал бауырлары үйде болмаған. Кеш бата баласын іздеген ата-ана оның ұялы телефонына хабарласқан. Телефон қоңырауы үйдің шатырынан шыққан. Шатырға шыққан олар жасөспірімнің өлі денесін тапқан.
"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша "суицидке жеткізу" бойынша тергеу жүріп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Taulik.kz