Жаңалықтар

Илон Маск АҚШ азаматтығынан айырылуы мүмкін

Илон Маск АҚШ азаматтығынан айырылуы мүмкін

Capitol Hunters тергеу жүргізіп, 1990 жылдары Илон Масктың заңды бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz. Тергеушілер Масктың физика бойынша дипломы бар маман екенін жалған деп санайды. Сонымен қатар олар оның Стэнфордтағы PhD бағдарламасына ешқашан түспегенін айтып отыр. Олардың сөзінше, Маск америкалық виза алу үшін жалған диплом жасаған болуы мүмкін. Айта кетейік, Илон Маск Преторияда туып-өсіп, АҚШ-қа 19 жасында ғана келген. Егер аталмыш факті дәлелденіп, оның үстінен ресми іс қозғалса, миллиардер АҚШ-тан шығарылуы немесе түрмеге жабылуы мүмкін. Өйткені құжаттарды қолдан жасау және иммиграциялық заңнаманы бұзу – ауыр қылмыс.