Боксшы Ербосынұлы комадан шыққан соң алғаш рет байланысқа шықты (ФОТО)
Боксшы Ербосынұлы комадан шыққан соң алғаш рет байланысқа шықты (ФОТО)
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының Instagram желісіндегі аккаунты жасанды комадан шыққан соң алғаш рет жаңартылды деп хабарлайды Taulik.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшының Instagram Stories-нде балаларының суреттері жарияланды.
Еске салайық, Айдос Ербосынұлы 6 қарашада WBA Regular атағы үшін жекпе-жекде кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылып, жасанды комаға түсті. Өткен аптада отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.
Taulik.kz