Жаңалықтар

Ресей телеарнасы: Украинадан кейінгі Ресейдің кезекті проблемасы - Қазақстан (ВИДЕО)

Ресей телеарнасы: Украинадан кейінгі Ресейдің кезекті проблемасы - Қазақстан (ВИДЕО)

Украинадан кейінгі Ресейдің кезекті проблемасы - Қазақстан. Дәл осындай пікірді Ресейдің "Россия-1" телеарнасының "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуында айтылды, деп хабарлайды Taulik.kz
"Онда да Украинадағыдай "ұлтшылдық процестер" басталуы мүмкін. Қазақстанда ресейліктер көп, шекарамыз ең ұзын және біздің "Росатом" үшін ядролық отын да сонда", — деді ол.
Бағдарламадан 21 секундтық үзіндіні Украинаның Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко өзінің Telegram арнасында жариялады.
"Назар аудар, Қазақстан! Олар сендерді келесісіңдер дейді", – деп жазды ол.
Видеоны мына жерден көре аласыз.

Taulik.kz