Жаңалықтар

Павлодарда өрттен зардап шеккен екі адам ауыр күйде жатыр

Павлодарда өрттен зардап шеккен екі адам ауыр күйде жатыр

Павлодарда өрттен зардап шеккен екі адам ауыр күйде жатыр. Өрт кезінде зардап шеккен адамдар №1 қалалық ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Taulik.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 22 қараша күні түнде шамамен сағат 23.00-де түскен екі адамның жағдайы ауыр деп бағаланады.
«1986 жылғы ер адамның мойны мен денесін, тыныс алу жолдарын екінші-үшінші дәрежелі күйік шалған. Денесінің 63 пайызы зақымдалған. Шок алған. 1995 жылғы әйелдің беті мен денесін бірінші-екінші дәрежелі термиялық күйік шалған», - дейді басқармада.
Айта кетейік, Ломов көшесі, 150 үйден өрт шығып, үш адам зардап шеккен. Күйік шалған ерлі-зайыптылар бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар, тағы бір ер адамға медициналық көмек көрсетілді. Оқиға орнына 10 техника мен өртке қарсы қызметтің 34 қызметкері, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен құтқарушылары жіберілді. Өрт төрт қабатты тұрғын үйдің екі бөлмелі пәтерінде болғаны анықталды. Жалпы аумағы 45 шаршы метр аумақ жанған. Бригада келгенге дейін 10 адам үйден баспалдақ арқылы шығып үлгерген.