31 адамды өлтіріп, 19 әйелді зорлаған маньяк 37 жылдан кейін табылды
31 адамды өлтіріп, 19 әйелді зорлаған маньяк 37 жылдан кейін табылды
Аустралия полициясы әйелдерді зорлап, талай кісіні өлтірген маньяк кім екенін 37 жылдан кейін анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның дерегіне сенсек, оның аты – Кит Симмиз. Ол 2022 жылғы ақпанда 66 жасында көз жұмған. Оның кім екені жаңа ДНҚ технологиялардың арқасында табылған. Прокуратураның хабарлауынша, қылмыскер 1976 және 1986 жылдары аралығында 31 адамды өлтіріп, 19 әйелді зорлаған. Зорланғандар арасында 13 жастағы қыз балалар болған. Полицейлер оны табу үшін 10 жыл жұмсаған.
Полиция құрбандар саны бұдан көп болуы мүмкін дейді. Себебі жәбір көргендердің кейбірі травмасын еске алғысы келмей немесе сот істеріне қатысқысы келмей полицияға шағым түсірмейді.
Детективтер Кит Симмз кім екенін оның отбасына да айтқан. Олардың сөзінше, Симмздің туыстары мен таныстары оның мұндай қылмыс жасауға қалай дәті барды екен деп аң-таң болған. Олардың сөзіне сенсек, Симмз бұрын ешқандай заң бұзбаған, психикасы сау, есіркті шекпеген, алкоголь ішпеген.
Taulik.kz