Жаңалықтар

«Келінжан» телехикаясындағы актерлердің гонарары белгілі болды (ВИДЕО)

«Келінжан» телехикаясындағы актерлердің гонарары белгілі болды (ВИДЕО)

«Келінжан» телехикаясының продюсері Гүлнұр Мамасарипова көпшіліктің көңілінен шыққан туынды актерлері қанша гонорар алғанын Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты, деп жазады Taulik.kz. Оның айтуынша, «Келінжан» телехикаясының төртінші маусымында актерлердің гонорары өте жақсы болған.
«Жалпы «Келінжанның» төртінші маусымындағы бас кейіпкерлердің гонорары өте жақсы болды. Екі кішкентайдан басқасының гонорары 5 млн теңгеден кем емес. Олар енді 2-3 айлап жүрмейді ғой. 20-25 күн болуы мүмкін. Сонда өзіңіз есептеп көріңіз, гонорар күніне 200 мың теңгеден кем емес. Жалпы одан да қаламақысы жоғары актерлер бар. Күніне 1000 доллар гонорар алатындар бар», - деді ол.
https://www.youtube.com/watch?v=5qC2-4j_oG4