Тамақтанып жатқанда кімдерге су ішуге болмайды? – Диетолог жауабы
Тамақтанып жатқанда кімдерге су ішуге болмайды? – Диетолог жауабы
Су – бәріне қажет сусын болғанымен, кейбір диагноз қойылған адамдарға оны дұрыс ішу керек, деп жазады Taulik.kz.
Диетолог Елена Тихомированың айтуынша, егер адамның денсаулығына қатысты проблемалар болмаса, оған кез келген уақытта су ішуге болады. Адамның еш жері ауырмаса, ас қорыту жүйесі жүктемені жеңе алады және асқазанда су болған кезде де, онсыз да тағамды сіңіре алады.
Бірақ кей адамдар тамақтанып жатқанда су ішпеуі керек. Мысалы:
– гастрит;
– панкреатит;
– холецистит;
– жара.
Дәрігер атап өткендей, осы ауру кезеңінде адамдарға диета тағайындалады. Адам оны ұстанған кезде, суды тамақтан бөлек уақытта ішуі керек.
Ал терапевт Елена Черненко тамақтану кезінде су ішуге болатынын айтып отыр. Оның сөзінше, ең бастысы – суды көп ішпеу керек. Су ас қорытуға көмектеседі, асқазанда тағаммен араласып, жақсы қорытылатын сұйық түйіршікке айналады.