Жаңалықтар

БҚО-да аудан әкімінің жиналыста қызметкерлерді боқтаған аудиосы тарады (АУДИО)

БҚО-да аудан әкімінің жиналыста қызметкерлерді боқтаған аудиосы тарады (АУДИО)

Желіде Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановтың жиналыс барысында қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан аудиосы тарап кетті. 1 сағат 20 минутқа созылған жиналыста әкім «б...ь» сөзін 71 рет, «на..й» сөзін 73 рет айтқан. Бұл – басқа балағат сөздерді қоспағандағы есеп, деп хабарлайды Taulik.kz uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап. Тоғжановтың айтуынша, аталмыш аудио наурыз айында ауданға жылыну қаупі төнген кезде жазылған. Жиналыста аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин ғана әкімнен өздерін балағаттамауды сұраған. Десе де әкім жиналысты өз стилінде жалғастырған. Алайда Серик Сафиуллин бұл жиналыстың есінде жоқ екенін айтты. Тоғжановтың сөзінше, оның қызметтік этиканы сақтауға уақыты болмаған. Өйткені сол кездегі басты мақсаты – аудан тұрғындарының үйін жылыну қаупінен қорғау еді. Сонымен қатар әкім бұл аудионы өздері ештеңе істемейтін адамдардың таратып жібергенін айтып отыр. https://www.youtube.com/watch?v=wSUZrDeDDOU