Жаңалықтар

Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды taulik.kz. Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы дүниеге келген. Еліміздегі ең жоғарғы саяси қызметтерді атқарды. Қазақстан Үкіметін басқарды. Алматы мен Астана қалалары және Атырау облысының әкімі болды. Президент Әкімшілігіне жетекшілік етті. Қорғаныс министрлігінің де тізгінін ұстаған. Соңғы қызметі – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі. Ол бұл қызметтен 2019 жылдың 18 желтоқсанында кетіп, зейнетке шықты.