Жаңалықтар

«Қазфосфат» басшысы жұмысшыларынан кешірім сұрады

«Қазфосфат» басшысы жұмысшыларынан кешірім сұрады

«Қазфосфат» ЖШС-іне қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестерінен кешірім сұрады.
«Осы оғиғаға қатысты зауыт ішінен ерікті 20 адамнан құралған жұмысшы топ құрылды. Топ құрамына әр цехтың басшысы және кәсіподақ өкілдері еніп, өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізуде», – деп хабарлады еңбек инспекциясы басқармасы.
Оқиға орнынан видеоны Нұрадин Рақай есімді Facebook қолданушысы бөлісті. Еске салайық, бүгін,  23 қарашада «Қазфосфат» қызметкерлері наразылыққа шыққан болатын. Қызметкерлердің айтуынша, мекеме басшылығы жұмысшыларды балағаттаған.

Taulik.kz