Жаңалықтар

Дүкен менеджері алты адамды атып өлтірді

Дүкен менеджері алты адамды атып өлтірді

Америкада дүкен менеджері алты адамды атып өлтірді, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Вирджиниядағы (АҚШ) Walmart Inc дүкенінің менеджері демалыс бөлмесіндегі қызметкерлерге оқ жаудырған. Чесапик қаласынан келген 31 жастағы Андре Бинг түнгі ауысым алдында жиналған жұмысшыларды қырып тастаған. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы жасөспірім де бар. Кем дегенде тағы төрт адам жарақат алған. Дүкенде барлығы 50-ге жуық адам болған. Билік бұл әрекеттің ықтимал себептерін анықтап жатқанын айтты. Ал қаскөй қолға түспей, соңында өзін де атып өлтірген. Бингтің бірнеше әріптесі оның бұрын біртүрлі және кейде қауіп төндіретін мінез-құлық көрсеткенін айтқан. Бұл Walmart дүкендер желісінде болып тұрған алғашқы қайғылы жағдай емес. 2019 жылдың тамызында Техас штатының Эль Пасо қаласындағы Walmart дүкенінде де атыс болған еді. Мексика-Америка шекарасына жақын жердегі дүкенде 23 адам қаза тапқан болатын. Walmart 2019 жылы атыс болғаннан кейін елде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатуға жаңа шектеулер енгізді.