Қаңтар қырғынына себеп болған мәселе: Утиль бағасы нақты орнатылды
Қаңтар қырғынына себеп болған мәселе: Утиль бағасы нақты орнатылды
Парламент Салық кодексіне 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінетін автокөліктерді заңдастыру үшін 200 000 теңге көлемінде бастапқы тіркеу алымы төленетіні туралы өзгерісті қарады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінетін шетелдік автокөліктерді заңдастыру, оларды кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын бірыңғай төлем белгілеу қажеттігін атап өтті.
Қабылданған түзетулер осы санаттағы автокөліктерді тіркеу кезінде 200 000 теңге мөлшерінде төмендетілген алым мөлшерлемесін белгіледі.
Заң президентке қол қоюға жіберілді.
Taulik.kz