Жаңалықтар

«Жұмыс істеп тұр»: Мұхитта жоғалған iPhone бір жылдан кейін табылды

«Жұмыс істеп тұр»: Мұхитта жоғалған iPhone бір жылдан кейін табылды

Ұлыбританиялық Клэр Атфилд жоғалған iPhone-ы бір жыл бойы мұхит түбінде жатқанымен, әлі де жұмыс істеп тұрғанын айтты, деп жазады Taulik.kz The Sun сайтына сілтеме жасап. Өткен жылы ол жағажайға сапсерфингпен айналысуға барған. Телефонын су өткізбейтін қапқа салып, өзімен бірге алады. Жаттығу кезінде әйел телефонын суға түсіріп алып, іздегенімен таппайды. Бір жылдан кейін оған белгісіз нөмір қоңырау шалып, гаджет тауып алғанын айтады. Әңгімелесушінің айтуынша, ол жағажайда иттерімен серуендеп жүргенде смартфон тауып алады. Қапта оқиға кейіпкерінің анасының медициналық картасы болған, соған қарап iPhone иесінің контактілерін тауып алған. Ер адам смартфонды Клэр Атфилдке қайтарып береді. Артқы панелі сынған, бірақ корпустың арқасында ішіне су кірмепті. Барлық фотосуреттер мен жазбалар телефонда сақталған.