Зейнетақы жинағы: Жас мөлшеріне қарай қаражат шегі төмендетіле ме?
Зейнетақы жинағы: Жас мөлшеріне қарай қаражат шегі төмендетіле ме?
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегін төмендету мәселесі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Taulik.kz.
"Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Ал жеке өзімнің көзқарасыма тоқталсам, мұндай қадамға қарсымын. Өйткені зейнетақы аударымдарын алудың бірінші толқыны бойынша есептеулер жүргізілген кезде, адамдардың тиісті жас санатын қамтамасыз ету үшін белгілі бір есептеулер жүргізілді. Сондықтан зейнетақыға қатысты ең төменгі жеткілікті шекті төмендету зейнетақы жинағын шешіп алуды ынталандыратыны түсінікті. Осының салдарынан болашақта зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдерінің жеткіліксіз болу тәуекелдерін айтарлықтай арттырады", - деді Ә.Қуантыров.
Taulik.kz