"Менің бір қызым бар - 1 топтағы мүгедек. "Отбасы банкте" баспана кезегінде тұрмын. Жақында "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша конкурс болып, зейнетақы жарналары түспегендіктен өтпей қалдым. Ал біздің жалақымыз небәрі 100 мың", – дейді №2 облыстық аурухана қызметкері Айжан Сағындықова.
"Бізде қаржылық қиындықтар бар екенін барлық қызметкер біледі. Бізге түсетін қаражат тек жалақыға ғана жетеді, өкінішке қарай, зейнетақы мен басқа да төлемдерге жоқ", - деді № 2 облыстық аурухана директорының м.а. Надя Ерғалиева жиыннан кейін өткен кеңесте айтты.Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Әбдалиев арнайы комиссия құрылып, есеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен Надя Ерғалиева бұл мәселе жыл аяғына дейін шешіледі деп уәде берді.
Taulik.kz