Жаңалықтар

Маңғыстауда мұғалім оқушыны аямай ұрып жатқаны видеоға түсіп қалды

Маңғыстауда мұғалім оқушыны аямай ұрып жатқаны видеоға түсіп қалды

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті дене шынықтыру сабағының мұғалім оқушыны ұрып жатқан видеоға қатысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Лада» басылымы.  Видеода дене шынықтыру сабағының оқушының шашын жұлып, бірнеше рет ұрғаны, ал екінші оқушыны артынан тепкені көрсетілген. Жаңаөзен қаласы білім басқармасы бұл факті бойынша арнайы комиссия құрылғанын және мектеп-гимназияның тәртіптік кеңесі отырысының шешімімен оқушыларға күш көрсеткен мұғалімнің ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Taulik.kz