Ұлы Отан соғысының 88 ардагері әлі баспана кезегінде тұр - ДЕПУТАТ
Ұлы Отан соғысының 88 ардагері әлі баспана кезегінде тұр - ДЕПУТАТ
Сенат депутаты Серік Шайдаров Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 88 ардагері әлі баспана кезегінде тұрғанын айтты.
"Бір оғаш мәселеге назар аударғым келеді. Бүгінде Ұлы Отан соғысының 88 ардагері баспана кезегінде тұр. Бұл ретте 2015 жылы барлық ардагер баспаналы болғаны хабарланған болатын. Ардагерлердің көпшілігі ғасырлық межеге таяп қалды. Егер жедел шаралар қабылданбаса, олардың көпшілігіне баспана алу орындалмаған арман болып қалады", - деді Серік Шайдаров.
Taulik.kz