Жаңалықтар

Карантин бастала ма: Көрші елдерде ковид жұқтырғандар саны артуда

Карантин бастала ма: Көрші елдерде ковид жұқтырғандар саны артуда

Кейінгі бір аптадан бері Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар қайтадан көбейе бастады. Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бұл туралы Taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.  Мекеме мәліметіне қарағанда, 24 қарашада 98 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталған. Кейінгі бір аптада 482 адам ауруханаға жатқызылса, 358 науқас жазылып шыққан. Бұдан бөлек 2 310 адам карантинге алынып, 1 306 адам карантиннан шығарылған. Бұл жөнінде Өзбекстан санитария-эпидемиология жағдайын жақсарту және қоғамдық денсаулық қызметі жетекшісінің орынбасары Нурмат Отабеков хабарлады.
"Кейінгі 14 күнде Өзбекстанда вирустың жайылу көрсеткіші 2,0-ді құраған (ДДСҰ көрсеткіші бойынша 1,0 болса, ахуал тұрақты деп есептелінеді). Қазір коронавирусты емдейтін стационарларда 539 пациен жатыр, 187 адам үйде емделіп жатыр" деді Нурмат Отабеков.

Taulik.kz