Петропавл әкімдігі 32 миллион теңгеге екі аялдама сатып алмақ
Петропавл әкімдігі 32 миллион теңгеге екі аялдама сатып алмақ
Петропавл қаласының әкімдігі мемлекеттік сатып алу порталында 32 миллион теңгеге екі автобус аялдамасын сатып алатындарын мәлімдеді, деп жазады Taulik.kz.
«Әкімдік қалада дайын тұрған жылы аялдамаларды сатып алмайды. Олар – жекенің қолындағы нысандар. Ал жаңа аялдамалардың біреуі қала орталығына, екіншісі Береке шағын ауданына орнатылады. Әзірге екеуін қоямыз. Кейін көре жатамыз», - деді ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.Айта кетейік, қалада жылы аялдамалар бастамасы осымен үшінші рет көтеріліп отыр. Бұған дейінгілері іске аспағандықтан, қала тұрғындарының бұл бастамадан көңілі қалған.