Жаңалықтар

Ресейдің Украинаға басып кіруі Меркель үшін күтпеген жайт болмаған. Неге?

Ресейдің Украинаға басып кіруі Меркель үшін күтпеген жайт болмаған. Неге?

Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель Ресейдің Украинаға басып кіргені – өзі үшін күтпеген жайт болмағанын айтты. Бұл жөнінде ол немістің Der Spiegel басылымына мәлімдеген. Меркельдің сөзіне қарағанда, канцлер қызметінен кетуіне аз қалғанда ол Ресей басшысы Владимир Путинмен байланыс орнатуға тырысқан. Бұрынғы канцлердің айтуынша, 2021 жылы жазда АҚШ президенті Джо Байден және Владимир Путин кездесуінен соң ол Украина мәселесі бойынша еуропалық форматта талқылау өткізгісі келген. Оған Меркельдің өзі, Путин мен Франция басшысы Эммануэль Макрон қатысуы тиіс болған. Алайда "біреу қарсылық білдіргендіктен" жиынды өткізу мүмкін болмаған. Ал барлығы оның күзде биліктен кететінін білгендіктен әрі қарай бұл жиынды өткізуге күш сала алмаған. Меркельдің айтуынша, мұндай қатынас оның Мәскеуге соңғы сапарында да байқалған.