Жаңалықтар

Комаға түскен әлемнің экс-чемпионы 37 жасында көз жұмды

Комаға түскен әлемнің экс-чемпионы 37 жасында көз жұмды

Әлемнің экс-чемпионы мексикалық Мойзес Фуэнтес 37 жасында өмірден озды. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Taulik.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мойзес Фуэнтес өмірден өтті. Ол соңғы демі қалғанша айқасатын нағыз батыр еді. Отбасы мен достарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазды ол твиттердегі парақшасында.
Фуэнтес жеңіл салмақта 25 жекпе-жек өткізіп оның 14 нокаутпен аяқтаған еді. 2011 жылы отандасы Рауль Гарсияны жеңіп WBO белбеуін иеленді. 2021 жылдың қазан айында Фуэнтес тағы бір отандасы Давид Куэльярамен айқасып, 6 раундта нокаутқа түсті. Нәтижесінде комаға түсіп, сол күйі есін жимады.