Жаңалықтар

Екібастұз тұрғындары қақаған қыста жылусыз қалды

Екібастұз тұрғындары қақаған қыста жылусыз қалды

Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылусыз қалды, - деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Компания хабарына қарағанда, 27 қарашада сағат 01:20-да №11 қазанагрегат тоқтап қалған. Сағат 01:30-да желілік судың көп шығындалуына байланысты №13, 14, 15 қазандық агрегаттары жұмыс істемей қалды.
"Қазіргі уақытта №8 және №14 қазанагрегаттары іске қосылып жатыр. Жөндеу бригадалары ұйымдастырылды. Жақын арада параметрлері қалпына келтіріледі. Қала, облыс, "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.

Taulik.kz