Бұрынғы кландарды байлықтың «қара қазанынан» айырып, мемлекет басшысымен бірлесу керек - ДЕПУТАТ
Бұрынғы кландарды байлықтың «қара қазанынан» айырып, мемлекет басшысымен бірлесу керек - ДЕПУТАТ
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин өзінің Facebook-тегі парақшасында президенттің ұлықтау рәсімінің кейбір маңызды тұстарымен бөлісті, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Бірінші, помпезность аздау болды. Екінші, Қ. Тоқаев жиналған халықты шулатып зал ортасынан емес, қарапайым түрде қапталдағы есіктен кірді. Үшінші, мойнына жылтырақ таққан жоқ. Төртінші, баяндамасы қысқа және нақты болды. Бесінші, ең бастысы, ұлықтау аяқталғасын «ескі гвардиямен» амандаспай, құшақтаспай, селфи жасамай, «Ал, енді жұмыс істейік!» дегендей ишара білдіріп, залдан қарапайым түрде шығып кетті», - дейді депутат.“Құдайдың «Ей, қазақ халқы! Ойын-сауықты азайтып, ыржың-тыржыңды тоқтатып, байлықты тонауды қойып, жетім-жесірді қорғайтын, еліңді дамытатын, мемлекетіңді аяғынан тұрғызатын уақыт келді! Болмаса, мына аяздай қаһарымды сендерге жіберемін!» деген ескертуі туралы да баяндады.
Уа, ағайын! Өтірікті қойып, жебірлер мен жемқорларды тыйып, бұрынғы кландарды байлықтың «қара қазанынан» айырып, мемлекет басшысымен бірлесіп, ақиқатты айтып, Отан үшін жұмыс істейтін уақыт келді. Бізде басқа жол қалған жоқ! - деп түйіндеді жазбасын Еділ Жаңбыршин.
Taulik.kz