Президент Екібастұздағы апатқа кінәлілерді қатаң жазалауға тапсырды
Президент Екібастұздағы апатқа кінәлілерді қатаң жазалауға тапсырды
Президент Екібастұздағы Жылу электр орталығындағы апатқа кінәлілерді жазалауға тапсырма берді.
«Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды. Себебі аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр.
Мемлекет басшысы Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді», - делінген хабарламада.
Taulik.kz