Жаңалықтар

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына сәйкес Екібастұз қаласының әкімі жылу желілеріндегі апатқа байланысты техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялады. Төтенше жағдай төтенше жағдай аймағындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін күшінде болады», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Taulik.kz