Жаңалықтар

Қуат Хамитов Криштиану Роналдуды сынға алды

Қуат Хамитов Криштиану Роналдуды сынға алды

Қуат Хамитов 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде Криштиану Роналдудың әдепсіз әрекетін сынады, деп хабарлайды Taulik.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Қуат Хамитов Портулагия құрамасының футболдан көшбасшысы Криштиану Роналдудың Гана командасымен матчы кезінде жасаған жанжалды әрекетіне пікір білдірді. Ойын барысында Криштиану қолын іш киімге салып, энергетикалық қоспаны алып, оны жеп қойды. Бұл эпизод әлеуметтік желілерде резонанс тудырды. Көптеген жанкүйерлер Роналдудың мұндай әрекетін қолайсыз деп санады. Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі парақшаға «Кәсіпқой» деп пікір қалдырыпты. Бұл бейнероликке тек боксшы ғана емес, барша футбол жанкүйерлер сыни пікірлер жазуда. Аты әлемге әйгілі футбол көшбасшысынан мұндай әрекеттерді күтпеген болса керек. Естеріңізге сала кетейік, матчтың өзі Португалияның 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды, ал Роналду пенальтимен гол соқты.