Жаңалықтар

Атыраулық шенеуніктер көп балалыларға тиесілі 300 млн теңгені жымқырған

Атыраулық шенеуніктер көп балалыларға тиесілі 300 млн теңгені жымқырған

Атырау облысында жемқорлыққа қарсы агенттік шенеуніктер мемлекеттің құрылысқа бөлінген 330 миллион теңгесін игердік деп жалған акт толтырғанын анықтады, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" сайты.
“Агенттік Аққыстау аулындағы 60 пәтерлі үш қабатты үйлерге бөлінген мемлекет қаражаты жымқырылуы мүмкін екенін анықтады. Құрылыс кезінде Исатай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары жұмысты атқардық деген өтірік акт жазған, яғни тапсырыс беруші ақшасын төлеген, дегенмен үш үйдің құрылысына 330 миллион теңге кетпеген. Нысан халыққа әзірге берілмегендіктен департамент мемлекет қаражаты жымқырылмасын, мердігер компания бар міндетін толық атқарсын деп облыс басшысына хат жіберді. Әкім барлық кемшілікті жоюды бұйырды, – дейді Атырау облысындағы жемқорлыққа қарсы агенттіктің жетекшісі Ерлан Досанов.

Taulik.kz