Жаңалықтар

Ресейліктердің жаппай тұрғын үй сатып алып жатқанына қарсы петиция жарияланды

Ресейліктердің жаппай тұрғын үй сатып алып жатқанына қарсы петиция жарияланды

Түркиядағы Анталья тұрғындары ресейліктердің өз қалаларынан жаппай жылжымайтын мүліктер сатып алып жатқандарына шу шығарды. Бұл туралы The Moskow News мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Halyq uni сайтына сілтеме жасап.  Қазір антальялықтар биліктен ресейліктерге жылжымайтын мүліктерді жалға беруге және сатуға тыйым салуды талап етіп отыр. Осыған орай Түркия азаматтары Change.org платформасында арнайы петиция ұйымдастырды. Екі күн ішінде 9 486 адам тыйым салуды қолдаған. Петицияға Forbes те назар аударды. Петиция авторлары шетелдіктердің ағылып келіп жатуы салдарынан соңғы екі жылда елдегі жылжымайтын мүліктер бағасы Түркия азаматтарының жылдық орташа табысынан 5 есеге жуық өсіп кеткенін айтады. Жалға берілетін үйлер бағаларының бұлайша қымбаттауы жылжымайтын мүлік саласына да, демография саласына да дағдарыс әкелуде. Мысалы, қазір Антальяда тұратын жұртшылықтың 25 пайызы шетелден келгендер болып отыр. Сол сияқты нарықта да ресейлік және украиналық риэлторлар басым күш алып тұр, деп жазады петиция авторлары.
Иммиграция толқыны фонында көбейген украиндар мен ресейліктердің Антальядағы тіркелмеген жылжымайтын мүліктер нарығына қатысушылары саны 10 мыңға дейін жетті. Осы адамдар WhatsApp-та өздерінің жүздеген адамдардан тұратын топтарын ашып алып, нарықтағы жұмыс тәртібін бұзып отыр. Олардың тәжірибелері жоқ. Бірақ келе сала, ұзамай Антальядағы жылжымайтын мүліктер нарығына бақылау жүргізе бастады, – делінген онда.
Түріктің Hurriet Daily News басылымы сондай-ақ, ресейлік және украиналық риэлторлардың жылжымайтын мүліктер нарығындағы ахуалды күрт өзгертіп жібергенін жазды. Олар онсыз да қымбат үйлер бағаларын одан әрі көтеріп жіберіп жатыр. Ал саны жағынан түрік агенттіктерінен де аса бастады. . Түркияда тұрғын үйдің бағасы 2021 жылдың қазан айынан 2022 жылдың қазан айына дейін 24 есеге өскен. Биылғы қаңтардан бері Антальяға 11 млн адам келіп-кеткен. Агенттік жергілікті биліктің мәліметтеріне сүйене отырып, қалаға күн сайын 15-20 мың ресейліктің келетінін хабарлады.

Taulik.kz