Жаңалықтар

Жемқорлар жазасын тартуға тиіс – Ерлан Саиров

Жемқорлар жазасын тартуға тиіс – Ерлан Саиров

Депутат Ерлан Саиров өзінің Facebook парақшасында Екібастұздағы жағдайға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Екібастұздағы ТЭЦ-тың иесі Клебанов деген азамат дейді. Біріншіден, мұндай мемлекет үшін стратегиялық объект жеке адамның иелігіне қалай өтті деген заңды сұрақ туады. Ондаған жылдар бойы Клебанов тәрізділдер және оның сыбайластары халықтан түскен ақшаны, ұялмай-қызармай, өз қалтасына салып отырған ба? Егер олай болса, Ұжымдық Клебановтардың сыбайластары да жазадан құтылмауы қажет. Клебановтың тасасында кім тұр?! Еліміздің энергетикалық активтеріне аудит жүргізіп, осы игіліктерді әділетсіз иеленіп, түскен қаржыны жаңғыртуға салмай, өз қалтасына салған нақты азаматтар заң алдында жауапкершілікке тартылуы қажет», - делінген жазбада.